Әрине, азаматтардың әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұялы телефондардың мазмұнын қарау жөніндегі әрекеттеріне жүгінуіне және ҚР ІІМ азаматтардың телефондарын олардың келісімінсіз және соттың санкциясынсыз тексерудің заңсыз екені туралы ресми мәлімдемесіне қатысты терең алаңдаушылық білдірген жөн.
Ұялы телефонның мазмұнын, соның ішінде фото және бейне суреттерді қарау әрекеттері азаматтардың жеке өміріне тікелей араласу болып табылады.
«Төтенше жағдай туралы» Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, оның ішінде құпиялылыққа жекелеген шектеулер белгілеуге жол береді, алайда осы шектеулер осы Заңның
17-бабына сәйкес «төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардан» туындаған және «адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиіс» шеңберіндежүзеге асырылуға тиіс. Осылайша, төтенше жағдай туралы заңнамада төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен уақыт шектеулерін белгілеу кезінде халықаралық құқықтың «басымдығы» қарастырылған.
ТЖ енгізу кезінде қолданылатын азаматтардың жеке құқықтарының негізгі және қосымша шаралары мен уақытша шектеулері заңмен қатаң реттеледі. Төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес, бұл шараларға, басқалармен қатар: «жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру» жатады.
Өз кезегінде, ұялы телефонның мазмұнына қатысты жоғарыда аталған «заттарды тексеру» шарасын дұрыс түсінбеу және қолдану жеке құпия мен хат алмасу құқығын бұзып қана қоймайды, сонымен қатар азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмау конституциялық құқығын жояды.
Осылайша, төтенше жағдай кезінде дәлелдемелерді бекіту, сондай-ақ ұялы телефонның мазмұнын қарау арқылы ықтимал қылмыскерлерді анықтау тек қылмыстық процесс аясында және оған қатысатын адамдарға қатысты ғана жүзеге асырылуы мүмкін.